Алматыдағы өрт. Хостел заңсыз жұмыс істеген
Алматыдағы өрт болған хостел 1 жарым ай бұрын ашылып, заңсыз жұмыс істеп келген.
Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.
Жергілікті биліктің мәліметінше, ғимарат «КУСА Халық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Бірақ «АЛА Хостел» серіктестігіне жалға берілген.
Екіжақты келісімшарт 21 қыркүйек күні жасалыпты. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты әу баста дүкенге арналған. Ол – 457 шаршы метр. Бірақ жалға алушы оны хостелге айналдырып жіберген. Оның қолындатиісті құжаттары болмай шықты.
Айта кетейік бүгін қалада таңғы 6-лар шамасында 3 қабатты тұрғын үй отқа оранды. Соның салдарынан 13 адам қаза тапты. Жалпы, үйде 72 адам болған екен, оның 59-ы қауіпсіз жерге шығарылды.