Алматыдағы өрт. 4 адам ауруханаға жеткізілді
Алматы хостеліндегі өрттен зардап шеккен төрт адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді.
Науқастың бірі 27 жастағы әйел көмірқышқыл газымен уланған. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты,-дейді дәрігерлер.
Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Өрт орнында 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмыс істеді.
Бауыржан Омаров, қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі:
- Үш науқас толық тексерістен кейін, психологиялық көмектен кейін амбулаториялық емге жеткізілді. Төрт адамның ішінде бірі шет ел азаматы. Индия азаматшасы. Ол кісі де амбулаториялық емге жіберілді. Жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуі отандасымыз.