Жаңаөзенде ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді
Олар заңсыз ойын бизнесімен айналысып келді деген күдікке ілінген.
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабрлауынша, топ мүшелері ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін құмар ойындарға арналған компьютерлерге жүйелі түрде баланс толықтырып отырға. Тағы техника орналасқан нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған. Тінту кезінде олардан жүйелік блоктар, мониторлар, түбіртек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды. Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық табыс көлемі 77 млн теңгеден асады. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.