Боранда адасып кеткен әжесі мен немересінің мәйіті табылды
Қостанай облысында кешегі боранда жоғалған әжесі мен немересінің денесі табылды.
68 жастағы қарт әйел мен 11 жасар жеткіншек кеше таң ата Қостанай ауданының Степной елді мекенінен жаяу жолға шыққан. Олар кезіккен көлікпен облыс орталығына жетіп алмақ болыпты. Содан хабарсыз кеткен.
Тәулік бойы жүргізілген іздестіру шараларына төтенше жағдайлар, полиция қызметкерлері, әскерилер, еріктілер тартылды. Олар ауыл маңындағы дала алабын, Қостанайға барар жол бойындағы орман алқабын жаяу шарлап шықты. Ал марқұмдардың денесі ауыл шетінен табылды.
Тілеуберді Нұрахметов, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы:
- Олардың денесі тұрғылықты жерінде, өз үйінен шамамен 200 метр жерден табылды. Адасып, үсіп кеткен. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша қандай бір шешім шығарылады.