Қостанай облысында 100-ден астам елді мекен жарықсыз қалды
Бүгінгі ақтүтек боран салдарынан Қостанайда облысында электр желілері үзіліп, 100-ден астам елді мекен жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір ақау орындарын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Бүгін таң ата облыс аумағында алай-түлей боран басталып, желдің жылдамдығы секундына 28-30 метрге дейін жетті. Соның салдарынан ағаштар құлап, ғимараттар бүлінді. Зақымданған көліктер де аз емес. Ат құлағы көрінбейтін боранда қала ішінде бір тұста 10 көлік бір-бірімен соқтығысты. Жарақат алған жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді. Облыс аумағындағы барлық бағыттағы жол жабылды. 19 адам қар құрсауынан құтқарылды. Ай-күні жақындаған бір жүкті әйел аман-есен ауруханаға жеткізілді.