Аязда жолда қалған шетелдіктер құтқарылды

Олар мінген автобус Ақтөбе облысының Талдысай кентінің тұсында бұзылып, сапарын тоқтатқан.

Белгілі болғандай автобус Шымкент-Челябинск бағытында жолға шыққан көрінеді. Онда 3 қазақстандық пен  59 шетел азаматы болған. Қатарында кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен әйелдер де бар. Қазір жолаушылар қауіпсіз жерге эвакуцияланды. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ, жолаушылар дін аман.