Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті
Жамбыл облысында 2 теміржолшыны пойыз басып кетті.
Оқыс оқиға Жиделі-Бірлік учаскесінде болған. Жұмысшылардың пойыз астына қалай түсіп қалғаны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша 4 жұмысшы вагоннан түсіп қалған қосалқы бөлшекті іздеуге шыққан. Дәл сол уақытта өтіп бара жатқан Астана-Шымкент бағытындағы пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен құрамды тоқтату мүмкін болмаған. Салдарынан 62 жастағы бригада басшысы мен 58 жасар вагон жөндеуші көз жұмды. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды.
Ерлан Сеңгірбаев, Шу станциясы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары:
- Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне орай өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды.