Ботақарада үйінді астында қалған адамдар іздестіріліп жатыр
Қарағанды облысындағы Ботақара кентінде екі қабатты 12 пәтерлі үйде газ жарылды.
Жарылыс салдарынан үйдің үстіңгі төрт пәтерінің төбесі астына түскен. Қабырғалары да құлаған және бірінші қабаттағы 3 пәтер бүлінген. Соңғы ақпаратқа қарағанда үйінді астынан 2 адамның денесі табылған. 5 адам құтқарылды, оның үшеуі аудандық ауруханаға жеткізілді. Үйіндінің астында қалған адамдар әлі де іздестіріліп жатыр. Оқиға орнында арнайы штаб құрылған.