Қаржы пирамидасын құрған күдікті экстрадицияланды
Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрды деген күдіктілердің бірін Испаниядан экстрадициялады.
Ол 2016-2017 жылдары аралығында басқа елдердегі адамдар тобымен "Questra Holding" компаниясын құруы мүмкін. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қылмыскерлер қаржы пирамидасын түрлі елде кедергісіз тарату үшін арнайы веб-сайтта компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат жариялап отырған. Осылайша 800-ден астам азамат алданып, 1 миллиард теңгеден аса шығын келді. Кейін сотқа дейінгі тергеп тексеру басталып, күдіктілер халықаралық іздестіруге жарияланған. 2022 жылдың желтоқсанында Бас прокуратураның экстрадициялық сұрауы бойынша іздеудегілердің бірі Испания аумағында ұсталды. Ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлікті тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.