Екі баланың өлімі: күдікті ретінде анасы ұсталды
Түркістандағы 2 баланың өліміне күдікті ретінде олардың анасы ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.
Іздестіру шараларына облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы түгел жұмылдырды. Нәтижесінде күдікті Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінде қолға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкісін Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен 2 жас баланың жансыз денесі табылған еді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың мәйіті сараптамаға жіберілді.
Мұрат Қабденов, облыстық Полиция департаментінің бастығы:
- Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істі тергеу барысы менің жеке бақылауымда.