Абай облысында жоғалып кеткен бала табылды

Абай облысының Аягөз ауданында жоғалып кеткен бала табылды.

Туыстарының айтуынша, ол таңертеңгі сағат 10:00 шамасында атқа мініп, мал іздеуге кеткен. Сол беті үйге оралмаған. Баланы ата-анасы әуелі өз бетімен іздеген. Нәтиже болмаған соң полицейлерге хабарласқан. 8 жасар баланы іздеу жұмыстарына 74 адам, 20 салт атты және 17 техника жұмылдырылған болатын. Іздеу шараларының нәтижесінде ол түнде аман табылып, туыстарына табысталды.