Теміртаудағы газ жарылысынан әйел адам қаза тапты
Теміртау қаласында газ жарылысынан үйінді астынан 1973 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды.
Тағы бір әйел ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оның денесін күйік шалған. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Айта кетейік, бүгін таңғы 8-де екі қабатты дүкенде газ жарылып, өрт болды. Көгілдір отынның мұнда орталық желіден жеткізілгені белгілі болды. Қазір құтқарушылар үйіндіні тазартып, дүкенде тағы келушілердің болған-болмағанын іздестіріп жатыр.