Қызылордада Ақмола облысының тұрғыны «синтетикамен» ұсталды
Қызылордада синтетикалық есірткі сатудың жолы кесілді.
Ақмола облысының 20 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдап, қаланың 10 жеріне психотропты заттар салынған орамаларды жасырған. Күдікті тұрған қонақ үйдегі бөлмесін тінту кезінде үш полиэтилен пакетке салынған ұнтақ зат табылды. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі екенін растады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның сыбайластарына іздеу жарияланды.
Ардақ Дөненов, ПД Басқарма бастығының орынбасары:
- Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар айта кететін тағы бір мәселе бұл - 2024 жылда анықталып тұрған 2-дерек.