Қызылордада қос азаматтығы бар адам ұсталды
Қызылордада қос азаматтығы бар тұрғын ұсталды.
Ол Ресей Федерациясының азаматтығын алып, 3 айдан бері көші-қон қызметіне тіркелмеген. Миграциялық заңнаманы бұзған 40 жастағы әйелге сот шешімімен 516 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ ол елден шығарылады. Жалпы жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында заңсыз жүрген 6 шетелдікке осындай шара қолданған. Одан бөлек көші-қон заңнамасын бұзған 78 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сағындық Камытбеков облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
-Анықталған құқықбұзушылықтардың көбісі көршілес Өзбекстан Республикасынан келген шетел азаматтары болып табылады. Қос азаматтықпен жүру бұл елімізде қолданылмайтын норманың бір тетігі болып саналады. ҚР азаматшасы РФ азаматтығын алып, бізге белгіленген уақыт мерзім ішінде хабарламағаны үшін оны сот шешімімен азаматтықтан айыру жұмыстары аяқталды.