Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатыр
Каспий теңізі жағалауында өртенген қамысты сөндіру жұмыстары бір тәуліктен бері жалғасып жатыр.
Жалын шарпыған аумақтың көлемі 100 гектарға жетті. Тілсіз жау Атырау облысының Ресеймен шекаралас жатқан Құрманғазы ауылынан 40 шақырым қашықтықта тұтанған.Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жақын елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 36 қызметкері мен 6 мотопомпа және мотоқайықтар, арнайы техника жұмылдырылған.