Атырау облысында 700 гектар жер жанып кетті
Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртінің аумағы 700 гектарға жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Атырау облысының Құрманғазы ауданынан 40 шақырым жердегі қызыл жалынды сөндіру әлі мүмкін болмай тұр. Бүгін таңмен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары МИ-8 тікұшағымен аэро-бақылау жасауға аттанған. Бірақ әуеден су шашу арқылы өртті сөндіру жұмыстары бастала қойған жоқ. Дегенмен жауаптылар елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтады. Қазір өрт сөндіру жұмыстарына 43 адам, 4 қайық пен 4 мотопомпа жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.
Жантөре Демешов, ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
- Осыған дейін орын алған өрт оқиғаларының себептері бұрыннын айтылып келе жатқан, аңшылар немесе балықшылар, солардан басталады. Балыққа шыққан кездерде тамақтарын пісіретін болса, орындарын, өрттерді өшірмей кетеді. Қазір әуеден өшіру бастала қойған жоқ. Себебі жергілікті атқарушы органдармен, сонымен қатар орман, жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесімен тиімді әдістерін қолдану бойынша өзара ақылдасып жатыр.