Қонаевта аулаларды су басты
Қонаев қаласына қарасты Қосқұдық ауылында күннің 5 ºС дейін жылынуына байланысты Түркісіб көшесіндегі 5 аула аумағы су астында қалды.
Еріген қар суы ауылдың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан егістіктерден келген. Онда қазір суды бұру арналары төселіп жатыр. "Бұл жұмыстарға төтенше жағдайлар департаментінің 30 қызметкері, 5 техникасы және 3 мотопомпасы жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйлерді су басу қаупі сейілді", - дейді мамандар.