Чехияға қашқан күдікті алаяқ Қазақстанға экстрадицияланды
Өзгенің 19 млн теңге тұратын тауарын иемденіп, ізін жасырған алаяқ Чехияда ұсталып, елге экстрадицияланды.
Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге Қазақстаннан Ресейге халық тұтынатын тауар жеткізуге келіскен. Алайда келісімді орындамай, тауарды басқа адамға өткізіп, ірі көлемдегі соманы қалтасына басады. Халықаралық іздеу салынған күдікті еліміздің Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің көмегімен елге қайтарылды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауда. Қылмыстық әрекеті үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.