Амангелді ауылын су басты
Қостанай облысындағы Амангелді ауылының бірқатар көшелерін су басты, деп хабарлайды 24KZ
Сейфуллин көшесінің бойындағы 12 үйдің ауласына су кірген. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшуден бас тартқан. Қазір мектеп-интернатта 45 орындық эвакуациялық пункт ашылды. Ал қар суының бетін қайтару үшін үй аулаларының айналасына 880 тонна күл, 120 тонна топырақ, 300 тонна инертті заттар төселген. Одан бөлек, қазір суды сорып, жыралар қазу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, жағдай бақылауда.