Ағадыр кентінде атыс болды
Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде атыс болды.
Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аяғынан жарақат алған бір адам жергілікті медициналық мекеме дәрігерлерінің көмегіне жүгінген. Полиция адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық күдікті ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.