Қарағандыда салынып жатқан үйде лифт құлап, жұмысшы қаза тапты
Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлап, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Жарақат алған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиғаның себебін еңбек инспекторлары анықтайды. Полиция бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған оқиғаға қатысты «Абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жайы анықталуда.