Ақтөбеде тікұшақ құлап, бір адам қаза тапты
Шұғыл ақпарат. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылы маңында тікұшақ апатты жағдайда қонып, жанып кетті.
Бортта болған бір адам мерт болды. Екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оқыс оқиға бүгін сағат 11:40-та болды. Тікұшақ Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу орындау кезінде апатқа ұшыраған. «Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты. Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі – техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істейді. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады» – делінген министрлік хабарламасында.
Азамат Құсайынов, ТЖД бастығының орынбасары:
- Оқиға орнынан ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқуға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. М8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласының ауруханасына жеткізілді.
Азамат Тұрышев, көпсалалы облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Екі науқастың жағдайы орташа қатаң. Екеуі де жарақат алған. Біреуінің мойын омыртқасы сынған. Сосын приматокс бар. Күйген бар, екі қолы, бірінші дәреже. Аумағы бір пайыз.