Ақтөбедегі тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді.
Жолдас Батырхан қаза тапқан экипаж мүшесінің отбасына көңіл айтып, аман қалғандардың жағдайымен танысу үшін ауруханаға арнайы барды. Қазір зардап шеккен қос азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр.
Жолдас Батырхан, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:
- Бүгінгі жағдайға байланысты марқұм болған азаматтың ата-анасына, ағайын-туысына, жақындарына көңіл айтамыз. Жаңа ғана марқұмның отбасына барып, көңілімізді білдірдік. Облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігін жеткіздік. Әрине қазір аталған мәселе бойынша іс қозғалып, тиісті шешімдер шығарылатын болады.