Астанада көп қабатты үй өртенді

Елордада пәтер өртенді.

Оқыс жағдай Әнет баба көшесінде орналасқан Манхэттен тұрғын үй кешеніндегі 7-қабатта болды. Пәтердің 15 шаршы метр аумағында тұрмыс заттары мен жиһаз өртенген. Құтқарушылар 16 адамды қауіпсіз жерге шығарды, абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша ұялы телефон қуаттағышының өртенуінен жалын шарпуы мүмкін. Мән-жай анықталып жатыр.