Жамбыл облысында 48 адам жалған дипломмен жұмыс істеген
Олар спорт және әлеуметтік салаларда 3-4 жыл қатарынан қызмет атқарып, тіпті басшылық лауазымда да болған.
Антикор өкілдері тәркілеген дипломдар мәліметтер базасы мен архивтерде тіркелмеген. Тіпті, ректорлардың аты-жөні жоғары оқу орнының қазіргі басшылығына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Ал бұл адамдарға жұмыс істеген уақытта жалақы ретінде 349 миллион теңге төленді.
Дәурен Омаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- 32 диплом яғни осындай жалған дипломмен жұмыс жасаған деректер орын алды. Қазіргі таңда оның 22-сі қызметінен босатылды. Жалпы барлық материалдарды полиция қызметіне жолдадық. Ары қарай да сол бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.