Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында контрафактілік 150 мың қорап темекі анықталды
Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында есептеу-бақылау маркасы жоқ 150 мың қорап темекі анықталды, деп хабарлайды 24kz.
Мәселен Ақтөбедегі жағдайды алсақ, Қазақстан аумағынан шығу әрекеті кезінде жүк көлікгінің жүргізушісі ұсталды. Ол тексеру барысында акциздік маркасы жоқ және көкөністердің ішінде жасырылған 70 мыңнан астам қорап темекіні заңсыз тасымалдамақшы болған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, Қарағанды аймағында дәл осындай өнімді заңсыз сатпақ болған сатушы сотталды. Анықталған қойманы тінту кезінде 71 мыңнан астам темекі қорабы табылып, тәркіленді. Контрафактілік өнімдер жойылды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Жалпы жыл басынан бастап ҚМА өндірісінде темекі өнімдерінің айналымына байланысты 62 қылмыстық іс болды, оның 35-і сотқа жіберілді. Барлығы 11 млрд теңгеден астам сомаға 22 млн қорап темекі тәркіленді. Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер! Қаржылық мониторинг агенттігі акцизделетін темекі бұйымдарын акциздік маркаларсыз ірі мөлшерде өткізу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.