Әлемде 550-ден астам Embraer 190 ұшағы бар
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ Azerbaijan airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 екені белгілі болды. Бұл жөнінде әзербайжандық Report басылымы мәлімдеп отыр.
Негізі Embraer 190 – бұл аймақтық жолаушылар ұшағы. Әуе кемесі қысқа және орташа қашықтықтарға жолаушыларды тасымалдауға арналған. Алғаш рет әуеге 2004 жылдың 12 наурызында көтерілген. Ұшақты өндіруші ел – Бразилия. Әуе кемесінің ұзындығы 36,24 метрге дейін жетеді. Ал қанатының құлашы - 28,72, жалпы биіктігі 10,57 метр. «Embraer 190» 12,5 мың метр биіктікке дейін көтеріліп, 4,5 мың шақырым қашықтыққа дейін ұша алада. Максималды жылдамдығы - 890 км/сағ. Әуе кемесінің қону жолының ұзындығы шамамен 1 мың 280 метр. Ұшақ бортына 114 адамға дейін сыя алады. Әуе кемесін 2 пилот басқарады. Жалпы әлемде Embraer 190 ұшақтарының саны 550-ден асады.