Ақтау маңындағы ұшақ апаты: ауруханаға 22 адам жеткізілді

Ақтауда құлаған ұшақта тірі қалған 22 адам шұғыл түрде облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Оның 5-еуі ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылды. Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасына 11 мен 16 жастағы екі бала жеткізілді. Жалпы, ұшақтың құлауына байланысты оқиға орнында Жедел жәрдемнің 22 бригадасы және апаттық медицина орталығының 6 бригадасы жұмыс істеуде.