«Астана – Щучинск» жолында қалған 200 көлік полиция көмегімен қозғалды

«Астана – Щучинск» жолында қалған 200-ден астам көлік патрульдік полиция көмегімен Астанаға қарай қозғалды, деп хабарлайды 24KZ. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Кеген Тұрсынбаев құтқарушылар қызметін үйлестіріп жүр.

Бүгін «Астана – Щучинск» жолында ауа райының қолайсыздығынан жолда 100-ге жуық көлік соғылып, тұрып қалды. Құтқарушылар жолды босату үшін екі жолақты бөліп тұрған қоршауды бұзуға мәжбүр болды. Бұл көлік қозғалысын едәуір жақсартып, жүргізушілерді өткізіп жіберуге мүмкіндік берді.