Жолда қалған 95 адам Щучье қаласына орналасты

Жолда қалған 95 адам Щучье қаласына орналасты

Күн райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 95 адам Щучье қаласындағы жылу орталықтарына орналасты.

Олардың арасында 39 бала бар. Бұл жайында Бурабай ауданының әкімдігі хабарлады. Кеше Астана-Щучинск бағытында жаппай көлік апаты болып, 95 техника соқтығысты. Құтқарушылар 63 ересек адамды және 8 баланы эвакуациялады. Мамандар тұрғындарды көлікпен ұзақ сапарға шықпауға, синоптиктердің болжамын тыңдап, құтқару қызметінің хабарламаларын назардан тыс қалдырмауға шақырады.