Бүгін сайлауалды үгіт-насихат басталады
Бүгін кешкі сағат 18:00-де сайлауалды үгіт-насихат басталады.
Мәжіліс сайлауына 7 партия қатысады. Олар: Қазақстан халық партиясы, Ақ жол, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Байтақ», «Ауыл», Respublica мен AMANAT партиялары. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау 19 наурызда өтеді.