Сайлау-2023: 79 байқаушы тіркелді

Парламент Мәжілісі мен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Астана мәслихаттарының  депутаттығына партиялық тізімдерді тіркеу кезеңі аяқталды.

Мажоритарлық жүйеге байланысты тіркеу кешкі сағат алтыға дейін жалғасады. Ал пропорциолналдық жүйеге қатысты  барлық саяси партияның тізімдері бекітілді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының 14-ші отырысында айтылды. Сонымен Мәжіліс сайлауына 7 партиялық тізім бойынша 281 кандидат тіркелді. «Аманаттан» - 90, «Ауылдан» - 25, «Республикадан» - 23, Қазақстан халық партиясынан - 52, «Байтақтан» - 18, «Ақ жолдан» - 54 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 19 кандидат тіркелді. Сайлауға түсетін үміткерлердің ішінде 80 әйел, 29 жасқа дейінгі 19 азамат бар. Ал мәслихаттар сайлауында партиялық тізім бойынша 1447 үміткер бақ сынайды. Бұдан бөлек бүгін  саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне орналасу тәртібі белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы оны жеребе тарту арқылы анықтады. Осы уақытқа дейін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 79 байқаушы тіркелді. Сыртқы істер министрлігі екі елден және бір халықаралық ұйымнан 4 байқаушыны тіркеуді ұсынып отыр. Бүгін кешкі сағат 18:00-де сайлауалды үгіт-насихат басталады.

Графика

«Amanat» партиясы – 90 кандидат;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 25 кандидат;

«Respublica» партиясы – 23 кандидат;

«Қазақстан халық партиясы» – 52 кандидат;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 18 кандидат;

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 54 кандидат;

«Жалпыұлттық  социал-демократиялық партиясы» - 19 кандидат;

Мәслихаттар сайлауында партиялық тізім бойынша –  1447 кандидат;

 

Графика

  1. «Amanat» партиясы
  2. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
  3. «Respublica» партиясы
  4. «Қазақстан халық партиясы»
  5. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы
  6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы
  7. «Жалпыұлттық  социал-демократиялық партиясы»