Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңі аяқталды
Парламент Мәжілісі мен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Астана мәслихаттарының депутаттығына партиялық тізімдерді тіркеу кезеңі аяқталды.
«Мажориторлық жүйеге байланысты тіркеу кешкі сағат 18:00-ге дейін жүре береді, ал пропорционалдық жүйеге қатысты барлық саяси партияның тізімдері бекітілді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. Сонымен Мәжіліс сайлауына 7 партиялық тізім бойынша 281 кандидат тіркелді. Ал мәслихаттар сайлауында партиялық тізім бойынша 1447 үміткер бақ сынайды. Бұдан бөлек бүгін саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне орналасу тәртібі белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы оны жеребе тарту арқылы анықтады. Бүгін кешкі сағат 18:00-де сайлауалды үгіт-насихат басталады.