Әлихан Смайылов «Ерен холдинг» басшысы Ахмет Еренмен кездесті

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Ерен холдинг» басшысы Ахмет Еренмен кездесті.

Басосуда олар жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жайын талқылады. Ахмет Ерен қағаз өндірісі, энергетика және тоқыма өнеркәсібі сияқты салаларға қаржы құю ниетін білдірді. Бүгінде елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, тау-кен металлургия кешені, инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі және фармацевтиканың дамуына үлес қосып келеді. Сондықтан, қазақ үкіметі холдингтің Қазақстандағы жобаларға инвестиция құю ниетін құптайды.