С.Жапаров Қ.Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

С.Жапаров Қ.Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы жарылыстан әскерилердің қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қырғыз Республикасының президенті бұл қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өтті. Сондай-ақ өзінің және қырғыз халқының атынан қаза тапқан жандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұдан бөлек Жапаров жаралағандардың тезірек жазылуын тіледі.

Ал соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды