21-22 желтоқсан күндері елордада Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесінің отырысы өтеді

21-22 желтоқсан күндері елордада Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесінің кезекті отырысы өтеді.

Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және сириялық оппозиция өкілдері қатысады. Бақылаушы ретінде Біріккен ұлттар ұйымы, Иордания, Ливан және Ирак тарапы шақырылған. Жиын барысында Астана процесі аясында бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді орындау және деэскалация аймақтарындағы тұрақтылықты қолдау жайы қарастырылады. Кепілдегі тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы да өтеді. Тараптар Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жоспарларын талқылауы тиіс.