Қ.Тоқаев «Nur Otan» партиясы төрағалығынан бас тартуы мүмкін

Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясы төрағалығынан жыл соңына қарай бас тартуы мүмкін. Президент мұны жасырмады, деп хабарлайды Хабар 24.

Айтуынша, қазіргідей қысылтаяң шақта Мемлекет басшысының партия төрағалығына келуі орынды. Ал жағдай қалыпқа келе бастағанда партия басқару ісінен бас тартуы да мүмкін. Осы ретте Қасым-ЖомартТоқаев «Нұр Отанның» ендігі бағыт-бағдарын өзгерту керектігін айтты. Құрғақ сөзді көпіртуді қойып, нақты істерге көшу қажеттігін тілге тиек етті. Партия қатарына нағыз іскер әрі көшбасшы азаматтарды тарту керек деді. Қажет кезде партия мүшелері «бұғып» қалды дегенді меңзеді. Сосын сайлау кезінде халыққа үйіп-төккен уәделерін толық орындамады деп сөкті. Көбі қағаз жүзінде қалып қойғанын айтты.