Депутат «мүгедек» терминін өзгертуді ұсынды

Елімізде «мүгедек» терминін «мүгедектігі бар адам» деп өзгерту ұсынылды.

Cонымен қоса мүмкіндігі шектеулі баланы шипажайға алып жүретін адамға жолдама құнының 70 процентін өтеу көзделуде. Алдағы уақытта денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсетілуі қажет. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында заңға осындай толықтырулар енгізуді ұсынды.

«Жарымжан жандардың құқықтарын кеңейтетін басқа да нормалар осы заң аясында қамтылған», - деді депутат Жәмилә Нұрманбетова.