Лаңкестікке қарсы жаңа стратегия қабылданады

Мұхтар Тілеуберді Ташкенттегі сапары кезінде бірқатар екіжақты кездесулер де өткізді.

Өзбек және тәжік әріптестерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен жүздесті. Басқосуда ведомство басшысы Қазақстанның терроризмге төтеп берудің белсенді кооперациясына кіріскенін хабарлады. Осы бағытта Орталық Азияда лаңкестікке қарсы жаңа стратегияның қабылданғанын қолдайды. Ресми Ташкент Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы өкілдігін Өзбекстан астанасында ашуды ұсынып отыр.

«Демек, өңірлік ынтымақтастық бұдан былай өзгеше қарқында дамиды», - дейді мамандар.

Аманжол Оразбаев, «Контртеррористік комитет» РҚБ басшысы (Қазақстан):

- Стратегияда Орталық Азия елдерінің бірлесіп қолға алатын міндеттері көрсетіледі. Өңірдегі мемлекеттер екі жақты және көп жақты байланыста жұмыс істейді. Конференцияда алдағы уақытта қабылданатын маңызды ұсыныстар талқыға түсті. Қай-қайсы да Орталық Азияның бірлігі әрі қауіпсіздігі үшін аса маңызды.