ОРК Төрағасы ИЫҰ Байқаушылар миссиясының басшысымен кездесті

Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Ислам Ынтымақтастық Ұйымы байқаушылар Миссиясының басшысы Фейсал Мохаммед Әл-Шарабимен кездесті.

Нұрлан Әбдіров Елордаға келген мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды. Маңызды шараға Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан халықаралық байқаушы ретінде 4 адам қатысады. Олар Қазақстан бойынша сайлау учаскелеріне бекітіледі.

Фейсал Мохаммед, Әл-Шараби ИЫҰ Байқаушылар миссиясының басшысы:

- Біз өз қызметімізге орай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қатаң түрде саяси бейтараптықты ұстанамыз. Біздің ұйым мен Қазақстан арасында ынтымақтастық берік орнаған. Сондықтан референдум барысын бақылау біз үшін үлкен мәртебе.