Бүгін ҚХР сыртқы істер министрі Қазақстан Президентімен кездесті

Бүгін ҚХР сыртқы істер министрі Қазақстан Президентімен кездесті
Ақорда

Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін көрші елдің Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, сыртқы істер министрі Ван И елордаға ресми сапармен келді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі елдің ұзақмерзімді стратегиялық серіктестіктігі жайын сөз қылды. Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төарағсы Си Цзиньпиннің жаһандық қауіпсіздік және даму саласындағы бастамасына қолдау білдіретінін жеткізді. Бұл жоспардың орындалуы әлемдегі қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға зор ықпал етеді, – деді Президент. Сондай-ақ тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ынтымақтастықты нығайту керектігіне тоқталды. Ван И Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай төрағасы атынан республикалық референдумның сәтті өтуіне байланысты құттықтап, Президенттің бастамаларын толық қолдайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті

– Жыл басында Қытай Халық Республикасының төрағасы және қорғаныс министрімен кездестім. Бүгін сіз де Қазақстанға келдіңіз. Бұл біздің елдеріміздің ынтымақтастығы жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Ел үкіметтері мен парламенттері арасында да жақсы қарым-қатынас орнады. Ертең «Орталық Азия және Қытай» атты министрліктер кездесуі өтеді. Біз бұл диалогты толыққанды қолдаймыз. Қытай республикасының төрағасы менің Қазақстанға шақыруымды қабылдады. Алдағы уақытта да ынтымақтастығымз жарасады деген сенімдемін.

Вани И ҚХР мемлекеттік кеңесінің мүшесі, сыртқы істер министрі

Қазақстанда республикалық референдум өтті. Оның қорытындылары сіздің жүргізіп жатқан саясатыңыздың дұрыс екенін айқын дәлелдеді. Қазақстан халқы сізге өз қолдауын білдірді. Біз көрші мемлекет ретінде соған шын жүректен қуанып, құттықтауымызды жеткізгім келеді.