Президент соттардың сапасын жақсартуды тапсырды

Бұрын соттағы істердің тек 2-3 проценті татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 37 процентке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бір жылда орта есеппен 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда жыл сайын 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған. Бұдан бөлек қазір көптеген кәсіпкер мен азамат әділдік тауып жүр. Істер солардың пайдасына шешілген жағдай аз емес. Мұны жоғарғы сот төрағасы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Жақып Асанов сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндады. Кездесуде соттардың сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру жайы да сөз болды.