Ел азаматтарынан 20 мыңнан аса өтініш түскен

Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады. Мәжіліс спикері Президентке конституциялық реформаларды жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутаттар мен «Amanat» партиясының мүшелері азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталады және заң шығару жұмысы кезінде ескеріледі. Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда өткен Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқаны жөнінде айтты. Аталған жиын барысында халықаралық бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы жарияланды және елімізде өткен референдум ұлттық заңнамаға толық сай деп танылғанын жеткізді.

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы халықаралық бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы жарияланды және елімізде өткен референдум ұлттық заңнамаға толық сай келеді деп танылды. Парламенттік Ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бітімгерлік әлеуетінің даму барысын талқылады.