Елордада «Жаңа Қазақстан» интеллектуалды кеңістігі жұмысын бастады

Елордада «Жаңа Қазақстан» интеллектуалды кеңістігі өз жұмысын бастады.

Жаңа алаңның алғашқы отырысын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ашты. Жиында сарапшылар "Жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстан: трендтер, сын-қатерлер және стратегиялар" тақырыбын талқылады. Палата басшысы қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен Жаңа Қазақстан құру жолында кешенді реформалар іске асырылып жатқанын айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Жүргізіліп жатқан реформалар саяси жүйені кешенді трансформациялауды және демократияландыруды көздейді. Жаңа Қазақстан бағдары құқықтық жаңғыртудан ауқымдырақ және ол экономикалық, әлеуметтік құндылық сияқты көптеген басымдықты қамтиды. Бұл істе интеллектуалды бағыттың да маңызы зор. Ел дамуының жаңа кезеңіндегі міндеттерді іске асыру үшін сапалы интеллектуалды қолдау және зияткерлік әлеуетті арттыру қажет.