Қазақстан олигархиялық жүйеден толықтай арылуы керек – Мемлекет басшысы

Қазақстан олигархиялық жүйеден толықтай арылуы керек – Мемлекет басшысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан олигополиямен толықтай қош айтысуы керектігін алға тартты.

Бұл туралы ол «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Тоқаев «Жаңа Қазақстан» және «Екінші республика» ұғымдарын түсіндіре отырып, мұның бәрі елде әлеуметтік теңдік орнату жолында жасалып жатқан қадам екенін тілге тиек етті.

«Қазақстан олигополиядан, олигархиялық жүйеден толықтай арылуы керек. Экономикада болсын, саясатта болсын. Елде әлеуметтік теңдік орнауы тиіс. Мен утопист емеспін, қиялға да берілмеймін, бұл бір күннің, бір айдың немесе бір жылдың жұмысы еместігін білемін. Бірақ біз осыған ұмтылуымыз керек, себебі адамдар әділеттілікті қалайды – үлкен істе де, кішкентай істе де», – деді Тоқаев сұхбатында.

Кісі өлтірушілер мен қарақшыларды батыр санаудың қажеті жоқ – Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы