Мемлекет басшысы осы аптада қандай іс-шараларға қатысады

Мемлекет басшысы осы аптада қандай іс-шараларға қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы іс-шаралар кестесі жарияланды.

21 маусымда Президент Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматистермен кездеседі.

23 маусымда Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады.

Сондай-ақ 24 маусымда Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі «БРИКС+» диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.