Грузия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Елге ресми сапармен Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәртебелі қонақ екі күндік сапар аясында Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізеді. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.