Жолдау – жаңару жолы

Жолдау – жаңару жолы

Мемлекет басшысының былтырғы жолдауында қойылған міндет жүйелі атқарылып келеді. Басым бөлігі жалпыұлттық жоспарға енген 103 іс-шара аясында іске асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалғаны Президент әкімшілігінің бақылауында. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Жолдаудың қарсаңында өткен жылдан бері атқарылған жұмыстың аралық қорытындысын жасап, негізгілеріне тоқталды. Әлеуметтік бастаманың бірі азаматтардың жалақысын кезең-кезеңімен көтеруге бағытталған еді. Айлық 2022-2025 жылдар арасында орта есеппен 20 процентке өседі. Сондай-ақ ең төменгі жалақы 60 мың теңге болады. Бұған қоса 2025 жылға дейін мың мектеп салудың жол картасы бекітілді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы құны 230 миллиард теңге болатын 20 мың жеңілдетілген несие берілді. Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау бойынша алға қойған міндет те толық орындалды.

Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

– Бұл 2021 жылғы Президент Жолдауындағы тапсырмаға қатысты атқарылған ауқымды істің бір бөлігі ғана. Осы бағытта жұмысты жалғастыра береміз. Жалпы Мемлекет басшысы көтерген барлық бастама іс жүзінде орындалып, азаматтардың тұрмысын оңалтуға, елдің дамуына тікелей әсер етіп жатыр.