Діндер съезінен не күтуге болады?

Діндер съезінен не күтуге болады?

Қыркүйектің 14-15 аралығында елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі талқыланады. Архиепископ Юрий Новгородовтың айтуынша, пандемия дүниенің келбетін өзгертті. Сондықтан діни қоғамдастықтар мен олардың көшбасшыларының бас қосуы уақыт талабы. Әрі мұндай ауқымды жиынның елордада өтуі тарихи мәнге ие.

Юрий Новгородов Евангелия, лютерандық шіркеу басшысы, архиепископ:

– Елімізде өтетін съездің басты ерекшілігі – тақырыбында деп айтар едім. Өте өзекті болып тұр. Өйткені діндер арасында да түсініспеушілік болады. Ал қазақтың астанасында сол дәстүрлі дін басшылары бас қосып, өзара ынтымақ жайын сөз етеді. Білім беру, халықтың діни сауатын арттыру тақырыбы съезге арқау болады. Әйелдердің қоғамдағы рөлі айтылады. Съезге Рим Папасы келмек. Мұның барлығы жиынның маңызын арттыра түсері сөзсіз. Сондықтан мұны тарихи оқиға деп бағалауға толық негіз бар.