Рим Папасы Франциск мінген ұшақ бірер сағат бұрын елорда әуежайына келіп қонды

Елге мемлекеттік сапармен келген понтификті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.

Мәртебелі қонақтың бортындағы қауіпсіздікті Қазақстан Әуе қорғанысы күштері ұшқыштары қамтамасыз етті. Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.